Татьяна Ивановна ғұмырының басым бөлігін педагогика саласына арнады. Осы жылдар ішінде талай буын педагогтар мен психологтарды тәрбиелеп, мол тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Ол – «Құрмет» орденінің және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, оқу құралдары мен әдістемелік еңбектердің авторы.
ҚӨУ басшылығы атынан мерейтой иесін академиялық мәселелер жөніндегі проректор Эльмира Наурызбаева мен әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұрлыхан Темірбеков құттықтады.
Әріптестері Татьяна Ивановнаның мейірімді көркем мінезі, студенттер мен әріптестеріне деген шынайы ықыласын ерекше атап өтті.
Жас педагогтардың көпшілігі үшін ол – кәсіби жолда бағыт-бағдар беретін білікті ұстаз.
Мерейтой иесін студенттері де құттықтады. Ал түлектері жүрекжарды тілектерін видео арқылы жолдады.
ҚӨУ ұжымы атынан Татьяна Ивановнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!










