ЧЕМПИОНДАР ҚӨУ-де білім алуда

Baitursynuly University студенттері гір спорты бойынша ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.

Ересектер мен жастар арасында өткен жарыс осы аптада Қостанай қаласында ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға еліміздің 13 облысынан командалар қатысып, барлығы 200-ге жуық спортшы бақ сынады. ҚӨУ намысын «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері Владислав Литвинов, Никита Стригин және Вадим Стригин қорғады.

Қостанай облысының құрамасы сапында өнер көрсеткен студенттеріміз ересектер санатындағы спортшылармен иық тірестіре жарысып, лайықты нәтижеге қол жеткізді.

Нәтижесінде Вадим Стригин 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орынды иеленді

Вадим Стригин 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тартысты бәсекеде 3-орынға қол жеткізді

Ал жастар арасында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Владислав Литвиновқа тең келер ешкім болмады – ол 1-орынды жеңіп алып, ҚР чемпионы атанды!

Студенттерімізді және олардың жаттықтырушысы, оқытушы Олег Комаровты жоғары жетістіктерімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сіздерді мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы