ТИІМДІ алаң

«Инклюзивті қоғам: заманауи тәсілдер мен шешімдер» атты диалог алаңына ҚӨУ-нен өкілдер қатысты.

Іс-шара Республикалық Аналар кеңесінің семинары аясында өтті.

Қатысушылар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, білім беру, әлеуметтік қорғау саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар, еліміздің түрлі өңірлері мен Қостанай облысының Аналар кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.

Кездесу республикалық делегация өкілдерінің қатысуымен өтті:

Диалог барысында қатысушылар инклюзивті қоғамды дамыту, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және қоғамда инклюзивті сананы қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Инклюзия саласындағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға, халықаралық тәжірибелер мен Қостанай облысының өңірлік тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

«Инклюзия саласындағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары: Қостанай облысы тәжірибесі негізінде жүзеге асырылуы» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі, PhD докторы Татьяна Зуева баяндама жасады.

Өз сөзінде спикер, инклюзия – тұрақты дамудың негізгі қағидаты, әрі тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастырудың маңызды шарты екенін атап өтті.

Сонымен қатар көру қабілеті бұзылған адамдарды оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесі қарастырылды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің психология кафедрасының аға оқытушысы Айна Рахматулина білім беру қолжетімділігін арттыруға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың дербестігін дамытуға бағытталған инновациялық цифрлық шешімдер мен ассистивті технологияларды таныстырды.

Қостанай облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ аға оқытушысы Ақжан Алтыбаева инклюзивті мәдениет пен кедергісіз қоғам қалыптастыру үшін білім беру ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік құрылымдардың және ата-аналар қауымдастығының күшін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Қостанай облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Виктория Хакимова мен Гүлнар Түркібай инклюзивті тәсілді қажет ететін балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу мәселелері мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының ажырасу процестеріндегі құқықтық ерекшеліктер жайлы айтты.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ елдегі және өңірдегі инклюзивті білім беру, әлеуметтік инклюзияны одан әрі дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге арналған тиімді алаңға айналды.

Қабылдау комиссиясы