САРАПШЫЛАР ҚӨУ ұжымының тиімді жұмысын атап өтті

 «Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR)» сыртқы сараптамалық комиссиясы Baitursynuly University-де өз жұмысын сәтті аяқтады.

Сарапшылар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредитациядан өткізу мақсатында жұмыс жүргізді:

Бірнеше күн ішінде сарапшылар білім беру бағдарламаларына жан-жақты бағалау жүргізіп, университет басшылығымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізді.

Сапар барысында сарапшылар оқу-зертханалық базамен, тәжірибе базаларымен және ҚӨУ-дағы оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысты.

Жұмыс қорытындысы бойынша комиссия білім беру бағдарламаларының жүйелі ұйымдастырылу деңгейінің жоғары екенін, университет ұжымының үйлесімді әрі тиімді жұмысын, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету үдерістеріне белсенді қатысуын атап өтті.

Әсіресе, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жүйесінің жақсы жолға қойылғаны ерекше атап өтілді. Олардың қатарында университет түлектерінің үлесінің басым болуы кәсіби қауымдастықтың сабақтастығы мен тұрақтылығын көрсетеді.

Сарапшылар материалдық-техникалық базаның дамығанын, тәжірибеге бағытталған оқытудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тиімді тәжірибе базаларының бар екенін оң бағалады.

Сонымен қатар, аккредитация нәтижелері бойынша білім беру процесін одан әрі жетілдіруге, білім беру бағдарламаларын дамытуға және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.

Комиссия жұмысының қорытынды кезеңі ретінде университет басшылығымен қорытынды кездесу өтіп, онда алдын ала нәтижелер мен сараптамалық қорытындылар жарияланды.

Қабылдау комиссиясы