Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған ауқымды шараға мемлекеттік орган өкілдері, депутаттар, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастар, еріктілер, сарапшылар мен аймақ тұрғындары жиналды.
Форум жұмысы таңертең «Патриот – 2026» байқауы жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімімен басталды.
Ал түстен кейін қатысушылар «IQostanay» SMART-орталығында «Конституция және азамат», «Креативті патриотизм: мәдениет ұлтты қалай қалыптастырады», «Болашақ еріктілері: Таза Қазақстан» атты тақырыптық алаңдарда бас қосып, өзекті мәселелерді талқылады.


















