Бүгін Қытайдағы Дуньхуан халықаралық көрме орталығында әлемнің әртүрлі елдерінен келген жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірген Форум ұйымдастырылуда.
Baitursynuly University делегациясы аталмыш халықаралық шараға белсенді түрде қатысып отыр.
Форум бағдарламасына «Белдеу және жол» университеттер альянсы аясында келісімшарттарға қол қою рәсімі және негізгі құжат – «Дуньхуан консенсусы 2025»-тің жариялануы кіреді.
«Ең ерекше әсер қалдырғаны – пленарлық сессияның болуы. Онда жетекші сарапшылар, университет ректорлары және әртүрлі елдердің академиялық қауымдастықтарының өкілдері сөз сөйледі. Талқылау барысында білім беру, ғылым, мәдениет салаларын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Форум «Бір белдеу, бір жол» бастамасы экономикалық өсіммен шектелмей, білім беру, құндылықтармен алмасу және ортақ даму жолын да қамтитынын тағы бір мәрте көрсетті», – дейді ҚӨУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева.
«Бұл шараға қатысу маған Дуньхуанның бай тарихымен тікелей танысу мүмкіндігін берді. Қала бір кездері Ұлы Жібек жолының маңызды торабы болып саналса, бүгінгі күні қайтадан әртүрлі мәдениеттер мен халықтарды біріктіретін орталыққа айналып отыр», – деп толықтырды проректор.
Дуньхуан форумы — өзара сенім мен түсіністікке сүйенген болашаққа арналған диалог. Сонымен бірге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатын алаң.
Айта кету керек, ҚӨУ-дің Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімінің бастығы Қалыбек Мауленов «Жоғары білім мен мәдени мұраны инновациялық жолмен дамытуда жасанды интеллект арқылы трансформация» тақырыбындағы секцияда баяндама жасады.
Форум барысында біздің университет үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Солардың ішінде ең маңызды бағыттардың бірі — қытай тілін оқыту орталығын ашу жөніндегі келісім, бұл академиялық және мәдени алмасуды одан әрі нығайтуға жол ашады.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында өсімдіктерді зерттеу саласында бірлескен ғылыми зерттеулерді әзірлеу және жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Аталмыш ынтымақтастық бағыты ғылыми өзара әрекеттестікті тереңдетуге және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Форумға қатысу университеттің халықаралық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білімді жаһандық серіктестік аясында біріктіруге бағытталған болашақ бастамалар үшін берік негіз қалануы.