Baitursynuly University енді өзінің шағын ашық аспан астындағы археопаркімен мақтана алады!
Күзде университеттің археологиялық зертханасы орналасқан ғимараттың маңында көне тас мүсіндер мен балбалдар орнатыла бастады.
Бұл – ежелгі дәуірлердің үнін жеткізетін стелалар. Кезінде олар қорымдар мен ғұрыптық орындардың бір бөлігі болған. Бұл құнды жәдігерлерді ҚӨУ археологтары Қостанай өңіріндегі қазба жұмыстары кезінде тапқан.
Стела – ежелгі адамдар орнатқан тік немесе көлбеу тас ескерткіш. Оларды көбіне қасиетті орындар мен жерлеу орындарының белгісі ретінде қойған.
«Ұзақ уақыт бойы бұл тастар жабық қорда сақталып келген. Ал қазір олар студенттер мен қонақтар көре алатындай ашық алаңға шығарылды. Көптеген ірі музейлер осылай жасайды. Біз де өз археопаркімізді қалыптастыра бастадық.
Мұнда ерте темір дәуіріне тән, сақтар мен сарматтар өмір сүрген кезеңнің тастары қойылған. Енді студенттер бұл экспонаттарды көзбен көріп, “уақытпен тілдесе” алады», – дейді археологиялық зертхананың аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнина.
1-экспонат: Ерте темір дәуіріндегі қыз баланың ескерткіші
2-экспонат: Қостанай геоглифтерінің тастары
Осы жобаны безендіруге ҚӨУ археологиялық үйірмесінің студенттері белсене атсалысты.
Қазір археопарк әлі де толықтырылып жатыр: экспонаттарға тақтайшалар қойылып, жаңа жәдігерлер қосылмақ.
Мұндай археопарк әр университетте бола бермейтін ерекше жоба. Бұл – ғалымдар мен студенттердің бірлескен еңбегінен туған, мақтанышпен айтуға тұрарлық жетістік.
Келесі жолы осы тастардың қасынан өткенде.
25 ғасыр бұрын өмір сүрген адамның ізі болуы мүмкін екенін ұмытпағайсыздар.
Археопарк ашық. Тарих – сенің алдыңда.






