ҚӨУ: ОҢ динамика байқалады

Baitursynuly University-де Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Директорлар кеңесінің төрағасы Данат Жумин мен тәуелсіз директор Қырмызы Жаңбыршина қатысты.

Күн тәртібінде университеттің штат санын бекіту, ғылымды дамыту және оны коммерцияландыру, сондай-ақ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуы қаралды.

Университеттің негізгі көрсеткіштерінің, әсіресе кірістер көлемінің өсуіндегі оң динамика атап өтілді.

Отырыстан кейін Кеңес мүшелері Smart-орталықты және жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген №4 ғимаратты аралады.

Инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу институтында қонақтарға ғылыми зертханалар, заманауи құрал-жабдықтар және зерттеу жұмыстарының басым бағыттары таныстырылды. Бүгінде институт физика-химиялық зерттеулер, материалтану, экологиялық мониторинг, БПЛА-технологиялар, жасанды интеллект, кері инженерия, прототиптеу және заманауи металлургиялық технологиялар бағыттарын бір арнаға тоғыстырып отыр.

Студенттердің ғылыми-техникалық әзірлемелеріне де ерекше назар аударылды. Технопаркте студенттер құрастырған жарыс болиді және ауыл шаруашылығы алқаптарын, табиғи ресурстар мен инфрақұрылым нысандарын зерттеу барысында пайдаланылатын ұшқышсыз ұшу аппараттары көрсетілді.

Сонымен қатар қонақтар студенттердің стартап-жобаларымен танысты.

Сапар аясында Директорлар кеңесінің мүшелері Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімінің жұмысын да саралады.

Университет мамандары әзірлеген прокторинг жүйесі мен жасанды интеллект агенттерінің мүмкіндіктері таныстырылды.

ҚӨУ-дың ғылыми және технологиялық әлеуетімен танысу университеттің стратегиялық мақсаттарының нақты іске асып жатқанын көрсетті. Ғылым, технология және студенттік бастамалар тоғысқан жобалар университеттің даму бағытын айқындап, оның білім мен инновация орталығы ретіндегі мүмкіндігін кеңейте түсуде.

Қабылдау комиссиясы