23 қыркүйекте Астанада өткен хакатонға 21 елден 2 500-ге жуық әзірлеушілер мен студенттер, жас мамандар қатысты.
Іс-шараның технологиялық серіктестері —OpenAI және NVIDIA компаниялары.
MoneyGraph Investigator жобасы қаржылық транзакцияларды талдауға, ақша айналымы желісіндегі маңызды түйіндерді анықтауға, олардың рөлін түсіндіруге және әрі қарай қандай тексеру жүргізу керектігін белгілеуге мүмкіндік береді.
Жобаның басты ерекшелігі — ашықтығы. Талдаушы қорытындылардың қандай негізде жасалғанын, балама болжамдарды және деректердің шектеулерін көре алады.
Іріктеу қорытындысы бойынша барлық бағытта 60 команда финалға өтті. 2026 жылдың 16 қазанында олар өз жобаларын онлайн Demo Day алаңында таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.
ҚӨУ-нің командасына сәттілік тілейміз!


