object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-30 01:11:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Планетарлық деңгейдегі тұлға

Қазақстанда ғылым күнін мерекелеу кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күні қазақтың көрнекті геолог ғалымы, Республика Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келді.

Бүгін Baitursynuly University-де көрнекті ғалымның 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.⠀

Қаныш Имантайұлы – кеңестік геолог ғалым, геологиялық-минералогиялық ғылымдарының докторы, - деп атап өтті Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Ол елімізде бірегей кен орындарын ашуға түрткі болып, бүкіл саналы ғұмырын ғылымға арнады. Академик Қаныш Сәтбаевтың есімі бірқатар білім беру мекемелеріне, сондай-ақ Қазақстанның қалаларындағы көшелерге, мектептерге, қала мен жоғары оқу орындарына берілген.⠀

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қаныш Имантайұлының ғалым ретінде қалыптасуына тоқталып қана қоймай, Satbayev University Сәтбаев мұражайына және Баянауылдағы ата-баба, өскен ортасына виртуалды тур жасады.

Іс-шараны қорытындылау сәті ҚӨУ қызметкерлерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттау рәсіміне ұласты.

Оқытушыларымызды төл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жетістіктер мен жаңалықтарға қол жеткізуін тілейміз! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы