Елордадағы кездесудің мақсаты – өзара ынтымақтастық нәтижелерін таныстыру, серіктестікті нығайту және аграрлық саладағы ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарын айқындау.
Бағдарлама аясында Қазақстан-Қытай білім және ғылым орталығын ашу жоспарда бар.
КӨУ ғалымдары ғылыми баяндама жасайды.
Сеитбек Қуанышбаев әріптестерді құттықтады:
«Біздің серіктестігіміз халықаралық академиялық және ғылыми ықпалдастықтың тиімді үлгісіне айналды.
«Агрономия» мамандығы бойынша магистратураның қос дипломды бірлескен бағдарламасы ашылды, оқытушылар шетелдік тағылымдамаларға табысты қатысып келеді.
Қытайлық ғалымдар біздің докторанттарға ғылыми кеңесші ретінде қолдау көрсетуде.
Бірқатар халықаралық ғылыми жобалар жүзеге асырылды.
Ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да табысты дамып, ғылым, білім және инновация салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол аша беретініне сенімдімін!» – деп атап өтті.



