Цифрлық жаңғырудың ЖАҢА міндеттері

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты.

Satbayev University базасында (Алматы қ.) өткен жұмыс тобының басқосуы «Жоғары білім және ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбына арналды.

Жиын барысында ғылымды басқару мен дамыту ісінде соны тәсілдерге көшу қажеттігі сөз болды.

Ғылыми зерттеулер мен жоғары білім беру жүйесіне цифрландыру процестерін жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын ұштастыру – басым бағыттардың бірі.

Бұл жоспарлар министрліктің стратегиялық құжаттары аясында, ғылыми ортамен тығыз байланыс орната отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар, кездесуде тестілеу жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және отандық жоғары оқу орындарының әлемдік деңгейдегі тартымдылығын арттыру мәселелері де талқыланды.

Ауқымды шараның қорытындысы бойынша ғылым мен жоғары білімді цифрландыруды жеделдету, жасанды интеллект технологияларын қолданысқа енгізу, білім беру бағдарламаларын жаңарту және кадрлар даярлау сапасын көтеру бағытында нақты міндеттер айқындалды.

Қабылдау комиссиясы