object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-24 02:32:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Іске адалдықтың үлгісі

Бүгін Baitursynuly University-де салтанатты және көңіл толқытарлық шара өтті.

ҚӨУ шетел филологиясы кафедрасының профессоры, педагогика саласында 55 жыл еңбек еткен Мәнсия Самамбетті құрметті демалысқа шығарып салды.

Ол біздің университетте шет тілдер факультетін 20 жыл басқарды.

Жоғары кәсіби педагог бола тұра, Мәнсия Қалмағамбетқызы студенттерден көп үйренуге болатынын әрқашан айтып отырады. Ал студенттер одан кәсіби дағдыларды ғана үйреніп қойған жоқ, өмір философиясын, оптимизмді, жаңалыққа жаны құмарлықты ұғынды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев:

«Сіз тек оқытушы ғана емес, жоғары ішкі мәдениеттің, принциптің және өзін дамытуға тынымсыз ұмтылыстың адамысыз. Сіздің мансабыңыз – іске адалдықтың, төзімділіктің және нағыз асқан зияткерліктің нағыз үлгісі.

Сіздің талантыңыз бен еңбегіңіздің арқасында жоғары білікті филологтардың, оқытушылардың, аудармашылардың, зерттеушілердің үлкен буыны өсіп шықты.

Сіздің түлектеріңіз қай уақытта да сұранысқа ие, құрметті, ең бастысы, құнды мамандар, олар сіздің сабақтарыңызды, ұстаздығыңызды және адами қарым-қатынасыңызды аса ризашылықпен еске алады.

Сейтбек Бекенұлы ҚӨУ ұжымы атынан Мәнсия Қалмағамбетқызына ғылым мен білім саласына көп жылғы сіңірген еңбегі, жоғары академиялық құндылықтарға адалдығы, университет тағдырына айналғаны үшін терең ризашылық білдірді.

Қабылдау комиссиясы