object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-19 01:07:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Шекарасыз білім: Baitursynuly University AIUTA ұйымына қосылды

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Үшінші жастағы университеттердің халықаралық қауымдастығы (AIUTA) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«ҚӨУ 55 жастан асқан адамдардың күміс жасында да білім алуға деген ұмтылысын қолдауда үлкен қадам жасады. Біздің университет пен Қауымдастық үздіксіз білім беруді халықаралық деңгейде дамыту маңыздылығын түсіне отырып, егде жастағы адамдардың әлеуметтік және мәдени өмірге белсенді қатысуының бір түрі ретінде «Үшінші жастағы университеттер» идеясын ілгерілетуге уағдаласты», – деп атап өтті оқу ісі жөніндегі проректор Эльмира Наурызбаева.

Бұл – өмір бойы оқыту тұжырымдамасын қолдау, 55 жастан асқан адамдарға білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ AIUTA аясында академиялық, мәдени және әлеуметтік ынтымақтастыққа жәрдемдесу деген сөз.

Сонымен қатар, ҚӨУ геронтология, әлеуметтік педагогика, социология және өзге де салалар бойынша зерттеулерге белсене қатысып, халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға атсалысады.

Іс жүзінде бұл 55+ жастағы адамдарға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен конференциялар ұйымдастыру, ересектерге білім беру жүйесінде жұмыс істейтін мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыруды білдіреді.

Біздің студенттер, оқытушылар мен сарапшылар AIUTA бағдарламаларына қатысуға, бірлескен ғылыми жарияланымдар мен оқу материалдарын әзірлеуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуымен түрлі мәдени, білім беру және әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі.

Үшінші жастағы университеттердің халықаралық қауымдастығы (AIUTA) – Еуропа, Азия және Америка құрлығындағы жоғары оқу орындарын біріктіретін беделді ұйым.

Қауымдастық 1973 жылы құрылған, оның негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың білімін жалғастыруға деген ынтасын қолдау, сондай-ақ олардың өмірлік тәжірибесі мен білімін қоғам игілігіне жаратуға жағдай жасау.

Қабылдау комиссиясы