Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде оқу орнының даму логикасын түбегейлі өзгертетін стратегиялық құжат – Инновацияларды басқару тұжырымдамасы бекітілді.
Құжат барлық негізгі салаларды – оқу үдерісі мен ғылымнан бастап, цифрландыруды, жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен қолдануды және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды толық қамтиды. Тұжырымдаманың басты жаңалығы – кез келген бастама үшін түсінікті әрі ашық қолдау тетігін («лифтін») қалыптастыру. Енді инновациялық ұсыныстар енгізу тетігі барлығына бірдей: оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, студенттерге және өндірістік серіктестерге ашық. Әрбір идея тәуелсіз сараптамадан, кезең-кезеңімен апробациялаудан және тәуекелдерді бағалаудан өтеді, ал оның тиімділігі расталған жағдайда нақты ресурстық қолдауға ие болады.
Дегенмен, егер құжаттың мақсаттарын ұжым ортақ құндылық ретінде қабылдамаса, кез келген стратегия тек қағаз жүзінде қалып қою қаупі бар. Сол себепті Тұжырымдаманы іске асыру бірден зерттеушілермен тікелей байланыс орнатудан басталды.
Профессор-оқытушылар құрамымен өткен кездесу университеттің жаңа бағдары бойынша мазмұнды әрі ашық диалог алаңына айналды.
