Халықтарды біріктіретін ЕСТЕЛІК

Қазақстандағы поляк диаспорасының Ałmatyński Kurier Polonijny («Алматылық Полония Курьері») журналы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ғалымдарының қызметі туралы материал жариялады.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айдар Айтмұхамбетов, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табулденов және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаилов Қазақстанға поляктарды депортациялаудың қасіретті жылдарын еске алуға арналған кездесуге қатысты.

Іс-шара Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханада өтіп, оған поляк диаспорасының өкілдері, зерттеушілер және депортация тарихы мен қоныс аударылған халықтардың тағдырына қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.

ҚӨУ ғалымдары Қазақстанға поляктарды депортациялау тақырыбына арналған ғылыми және архивтік зерттеулері туралы баяндады.

Бұл жұмыс поляк білім беру және архив мекемелерімен ынтымақтастық аясында жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде жаңа тарихи деректер анықталып, өткен оқиғалардың естеліктері сақталуда.

Зерттеушілердің баяндамалары кездесуге қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Поляк диаспорасының өкілдері ҚӨУ ғалымдарының ғылыми қызметі тарихи жадыны сақтау, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және өз тамырын тану үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Осындай зерттеулер ата-бабалардың мәдени және рухани мұрасын келер ұрпаққа аман жеткізуге мүмкіндік береді»,-дейді олар.

Журналды жүктеу

Қабылдау комиссиясы