Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері «Құқық және тәртіп» тақырыбында құқықтық диктант жазуға қатысты.
Шараның мақсаты – құқықтық сауаттылық деңгейін тексеру және оны арттыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық және тәртіпті» қоғам мен мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі ретінде белгіледі.
Бұл қағида заң үстемдігіне, адам құқықтарын қорғауға және барлық азаматтар мен мемлекеттік органдардың оны сақтау жауапкершілігіне негізделген.
Бұл принцип сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Құқықтық диктант форматы студенттердің құқық жүйесінің, конституциялық нормалардың және азаматтардың міндеттерінің негізгі қағидаларын тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.



