Бүгін Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлзада Мырзагалиеваның мерейтойы атап өтілді. Жылы жүрегі, даналығы мен педагогикалық шеберлігі үшін мерейтой иесіне шәкірттері мен әріптестері шын жүректен алғыс айтты.
Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев Күлзада Мешітбаеваның ғылым мен білім саласына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт директоры Кенжегүл Есіркепова аталған ұжым атынан ұстазды шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, бұрынғы шәкірті, «Арна» газетінің бас редакторы Жұмагүл Иргасимова алғыс сөзін арнады.
Мереке қонақтары педагогтың өмірі мен кәсіби жолына арналған бейнероликті қызыға тамашалады. Әріптестері мен шәкірттері жылы естеліктерімен бөлісті, ал «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері домбыра үнімен жүрекжарды өлеңдерін орындап, мерекеге ерекше сән берді.
Барлық ҚӨУ атынан Күлзада Мешітбаеваны тағы да шын жүректен құттықтаймыз!