ҚӨУ туралы ҚЫТАЙДА біледі

Baitursynuly University делегациясы ректор Сейтбек Қуанышбаевтың жетекшілігімен Қытайда өткен China Study Abroad Forum (CSAF 2026) халықаралық форумына және China International Education Exhibition Tour (CIEET 2026) білім беру көрмесіне қатысты.

Біздің университет Қазақстанның 27 жетекші жоғары оқу орнынан құралған делегация құрамына енді.

Форумның негізгі міндеттерінің бірі – университеттер мен студенттер арасында тікелей диалог орнату. Бұл шетелде білім алу шарттары мен болашақ мамандардың сұраныстарын талқылауға мүмкіндік береді.

Іс-шара географиясы кең. Форум жұмысына Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Аустралия, Сингапур, Италия, Испания, Грекия, Малайзия, Вьетнам және басқа да елдердің білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Қытайдағы халықаралық білім беру көрмесіне алғаш рет қатысты.

Baitursynuly University-дің қатысуы серіктестік байланыстарды кеңейтуге және университеттің әлемдік білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.

Көрме аясында Қостанай облысы экономикасының қажеттіліктеріне бағдарланған ҚӨУ-дың білім беру бағдарламалары таныстырылды. Басым бағыт – өңірдің машина жасау және инженерлік салалары үшін білікті кадрлар даярлау.

Университет өкілдері қытайлық жоғары оқу орындары мен индустриялық серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық байқалғанын атап өтті. Көрме барысында академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламаларын іске асыру және инженерия саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша келіссөздер өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қытайдан келетін студенттер санын арттыруға бағытталған рекрутингтік агенттіктермен келісімдерге қол жеткізілді.

Қабылдау комиссиясы