Конькимен жүгірудің Қазақстан кубогының екінші кезеңінде Baitursynuly University атынан студентіміз Дмитрий Осипенко бақ сынады.
Жарыс 29-31 қазан күндері Астанадағы «Алау» мұз айдынында өтті.
Бұл жарыс – маусымның шешуші кезеңдерінің бірі. Мұнда әлем кубогына жолдама алатын ұлттық құраманың үздіктері іріктеледі.
Дмитрий – ҚӨУ педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 2-курс студенті.
Спортшымыз тамаша нәтижелер көрсетті:
Осы жетістіктерінің арқасында Дмитрий ұлттық құрамаға ілігіп, 2026 Олимпиадасына жолдама сарапқа салынатын әлем Кубогы кезеңдерінде өнер көрсетеді.
Енді спортшымызды АҚШ-тағы дайындық кезеңі мен 14–16 қарашада Солт-Лейк-Ситиде өтетін әлем Кубогының тұсаукесер кезеңі күтіп тұр.
Дмитрийді шын жүректен құттықтап, халықаралық аренада жарқын жеңістер тілейміз!



