object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-18 00:07:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жолдаудың әлеуметтік бағыты

ҚР Ұлттық экономика университетінде «Экономикалық теорияның өзекті мәселелері: теория және практика» тақырыбында семинар-дискуссия өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың халыққа Жолдауына орай ұйымдастырылды.

Семинар модераторы ретінде экономика ғылымдарының докторы, профессор Сансызбай Жиентаев сөз сөйледі.

Семинар барысында экономика және қаржы кафедрасының оқытушылары «Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясат» мәселесі төңірегінде дөңгелек үстел өткізді.

Студенттер, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар Жолдауда көтерілген басты мәселелерді кеңінен талқылады.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Серікжан Исмаилов «Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясат» тақырыбында баяндама жасады.

Ол Президенттің Жолдауында әлеуметтік саясатқа аса назар аударылғанын ескертті.

Баяндама авторы тәуелсіз Қазақстанның тарихында қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді қысқаша шолып өтті.

Баяндама аяқталған соң қызу пікірталас басталды.

Студенттердің қойған сұрақтарына дөңгелек үстел қатысушылары нақты әрі толық жауап беріп, ойларын дәлелдеп, түсіндірді.

Қабылдау комиссиясы