ҚӨУ студенті Арқалық төрінде топ жарды

ҚӨУ-нің дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 2-курс студенті Бахтияр Ермекбай Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы барысында өткен XXXIX жазғы спартакиадада көкпардан топ жарып, жеңіспен оралды.

Жас спортшы Қостанай ауданының намысын қорғаған команда құрамында өнер көрсетіп, 12 команданың арасынан үздік атанды. Тартысты өткен бәсекеде Қостанай ауданының көкпаршылары қарсыластарынан басым түсіп, 1-орынға ие болды. Командаға 2 млн теңге көлемінде жүлде табысталды.

Бахтияр үшін көкпар – бала кезінен жүрегіне жақын спорт түрі. Ол алғаш рет 7 жасында атқа отырған. Ал 12 жасында көкпарға келіп, осы ұлттық спорттың қыр-сырын меңгере бастаған.

Бүгінде университет студенті көкпарда жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Бұл – жылдамдықты, ептілікті, батылдықты және ат үстінде шешім қабылдай білуді талап ететін жауапты рөл.

Бахтиярды және оның командасын жеңістерімен құттықтаймыз! Алда бұдан да биік белестер мен жеңістер көп болсын!

Қабылдау комиссиясы