ҚӨУ студенттері КИБЕРҚАУІПСІЗДІК туралы бәрін біледі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің студенттері #SaqbolAlayaq республикалық байқауында жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Байқауды Антифрод-орталығы мен қаржы нарығына қатысушы ұйымдар ЖОО-ның 1-2 курс студенттері арасында кибергигиена мен қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған білім беру кампаниясының аясында ұйымдастырды.

Антифрод-орталығы – Ұлттық банктің алаяқтық, жалған қаржылық операциялармен күресу мақсатында құрған жүйе. Ол тәулік бойы күдікті транзакциялар туралы деректермен алмасу, жалған транзакцияларды блоктау және клиенттерді қорғау үшін банктерді, байланыс операторларын және құқық қорғау органдарын біріктіреді.

Байқау аясында қатысушыларға Instagram желісінде Reels форматындағы роликтерді немесе TikTok платформасында бейнероликтерді дайындап, жариялау ұсынылды.

ҚӨУ-нің экономика және құқық факультетінің студенттері конкурсқа аса белсенділікпен қатысты. Бұл шара оларға оқу барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және қаржылық алаяқтықтың тәуекелдері туралы түсініктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Осылайша «Экономика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Еркежан Туржанова, Алтынай Әдімхан, Аружан Қабылқаева, Станислав Фукалов, Ескендір Смаилов, Данияр Төлемісов жеңімпаздар қатарынан табылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қаласында өткен Central Asia Fintech Summit аясында өтті.

Студенттерімізді құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Қабылдау комиссиясы