object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-19 02:49:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Профессор Шалғимбековтың ДӘСТҮРІ!

Әр жыл сайын ҚӨУ профессоры Айбек Шалғимбеков бірінші курс студенттерін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне бастап барды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысының сөзінше, бұл шара студенттерге Ыбырай Алтынсариннің тек оқулықтағы жан емес, нағыз өмірдегі тұлға екенін көрсетуге арналған.

«Болашақ педагогтар ретінде біздің студенттер оның өмір жолын танып, еңбектерінен шабыт алып, дәстүрін абыроймен жалғастыруға міндетті. Ал болашақ тарихшылар үшін мұндай орындарға барып, тарихты өз көзімен көру аса маңызды», – деп атап өтті педагог.

Экскурсия кезінде профессор ағартушының өмірі мен қызметіне тоқталды. Нақтырақ айтсақ, мектептер ашуы, болашақ педагогтарды сапалы оқытуға жасаған еңбегі, қоғамды жаңа деңгейге көтерген әрекеттері туралы баяндады.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлы Ыбырайдың есімін құрметтеу. Біз – оның мұрагерлеріміз, ал болашақ педагогтар ағартушының жолын біліп, еңбектерінен шабыт алып, басталған дәстүрді лайықты түрде жалғастыруы тиіс.

Айбек Батырханұлы студенттерге ғалымның еңбектерін таныстырып, маңызды ой қалдырды. Студенттер қызығушылықпен сұрақ қойып, фотоға түсірді. Бұл олардың оқуында және таңдаған кәсіби жолында пайдалы болмақ.

Ерекше сәт – қоңырау! Профессор әзілмен: «Ескі дәстүр бойынша, қоңырауды соққан студент оқуда үздік баға алады» деді.
Мұндай мүмкіндікті қалай жіберіп аласың?!

«Біз ҚӨУ-де өз ісіне адал, студенттерді білім мен жаңалыққа ынталандыратын ұстаздардың бар екеніне шексіз қуаныштымыз! Біз үшін өте қызықты болды!» – деп әсерімен бөлісті студенттер.

Биылғы экскурсияны бірінші курс студенттері бастады, кейін оларға жоғарғы курс студенттері де қосылды.

Профессор Шалғимбековтың дәстүрі әр оқу жылының басында тарихшы студенттері үшін ерекше бата сияқты қалыптасты – оқу жылы пайдалы, қызықты және танымды болсын деген ниетпен.

Лайым, солай болғай!

Қабылдау комиссиясы