Бұл туындылар есірткі қылмысына тартылған жастардың тағдыры мен олардың отбасыларына тигізген ауыр зардабы туралы баяндайды.
Фильмдерді көріп, оны жан-жақты талқылауға ҚӨУ-нің барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Мақсаты – есірткі қылмыстарының алдын алу, студенттердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіру және отбасы құндылығын нығайту.





