Осы аптадағы сабақ 1956 жылы негізі қаланған Қостанай қаласындағы «Солтүстікқазжерқойнауы» (СевКазНедра) өңіраралық департаментінің геологиялық мұражайында өтті.
Тыңдаушыларға қызықты әрі танымдық экскурсияны мұражай меңгерушісі Вера Едігенова жүргізді.
Мұражайда ерекше экспонаттар сақталған. Олардың қатарында қара, түсті және сирек жер металдарының 68-ден астам түрі, үш негізгі боксит кен басқармасының бокситтері, хризотил-асбест, техникалық алмаздар, мұнай, сондай-ақ химиялық кластар бойынша жіктелген минералдар бар.
ҚӨУ-дың жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі Гаухар Баубекова тыңдаушыларды Қостанай облысының географиясымен, минералдық-шикізат базасымен, өңірдің геоморфологиялық және тектоникалық құрылымымен таныстырды.
«Күміс университет» жобасының қатысушылары ұйымдастырылған мазмұнды, әрі танымдық сабақ үшін алғыстарын білдірді.


