Бұл – білім, ғылым және шығармашылық саласында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен студенттерге берілетін республикалық марапат.
Төсбелгі белсенді, талантты жастарды ынталандыру мақсатында табысталады.
Аталған төсбелгі шектеулі тиражбен – бар болғаны 100 дана көлемінде шығарылды.
Біздің студентіміздің Қазақстан бойынша үздік жүздіктің қатарына енгені біз үшін үлкен мақтаныш.
Нұржан – экономика және құқық факультетінің 1 курс студенті, облыстық жарыстардың жүлдегері.
Оның соңғы жетістіктерінің бірі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхтар Тұрсыновты еске алуға арналған Қостанай облысының ауыр атлетика чемпионатында 2 орынды жеңіп алды.
Айта кету керек, Нұржан ауыр атлетикамен небәрі төрт жыл ғана айналысып келеді. Соған қарамастан, жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық, жаңа спорттық белестерді бағындыру жолында сенімді қадам жасап келеді.



