ҮЗДІКТЕР қатарында

Baitursynuly University студенті республикалық «100 Өлең» байқауында жүлдегер атанды.

Жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен бастаймыз! «Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Нұрсила ӘДЕБОВА республикалық «100 Өлең» байқауына қатысып, өз өнерін ортаға салды.

Нұрсила байқау барысында терең білімін, актерлік шеберлігі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті.

Байқауға үш мыңға жуық үміткер тіркелді, тек іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 35 қатысушы ғана финалдық кезеңге жолдама алды. Сол үздіктердің қатарында біздің Нұрсила да бар!

Байқау қорытындысы бойынша студентімізге сертификат табысталды. Сонымен қатар ол актерлік шеберлігімен ерекше көзге түсіп, «Асылтас театры» атынан 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Нұрсиланы жеңісімен құттықтаймыз!

Талабың таудай, қадамың нық болсын! Біз сені мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы