Барлық ЖҮЛДЕЛІ орындар ҚӨУ қоржынында

Baitursynuly University студенттері «Лыжня здоровья–2026» фестивалін бағындыруды жалғастыруда.

Қостанайда өткен фестиваль 6–22 ақпан аралығында Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары Виталий Пухкало мен Наиль Башмаковты қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кету керек, екі спортшы да – ҚӨУ түлектері.

Қостанайдағы шаңғы фестивалінің ашылуы 1 ақпанда өтті. Алғашқы күні университетімізден 50 студенттен құралған команда қатысты.

6 ақпанда ҚӨУ қаладағы білім беру ұйымдары арасында ең үлкен құраммен қатысып, тағы да ерекшеленді.

Жалпы, оқу орнынан 102 адам қатысты: 60 студент шаңғымен жарысса, қалғандары спортшыларға белсенді қолдау көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ командасы алтыншы рет жоғары оқу орындары арасында жеңімпаз атанды.

Жеке сайыста ұлдар арасында жүлделі орындар:

Үшеуі де – ҚӨУ педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 2-курс студенттері.

Қыздар арасындағы жеке сайыста:

Жеңімпаздар дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қабылдау комиссиясы