Мереке қарсаңында тағы бір сүйінші! Республика күніне орай Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабековтың бұйрығымен Baitursynuly University педагогы Акжан АЛТЫБАЕВА «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Акжан Бахитжановна – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қостанай облыстық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары. Өңірімізден мұндай марапат алған жалғыз жан.
Ұстаздың еңбегіне берілген бұл марапат – оның рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, әскери бөлімдердегі сарбаз аналарымен жүргізген жемісті жұмысына берілген жоғары баға.
Марапаттау рәсімі Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде өтті.
Акжан Бахитжановнаны құрметті марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Біз сізді мақтан тұтамыз!



