Бірінші курс студенттеріне университеттегі өмірге бейімделуді жеңілдету мақсатында оқу орнында арнайы адаптациялық кездесулер ұйымдастырылды.
Жаңадан келген студенттерге университеттегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, кредиттік оқыту жүйесі, Moodle білім беру платформасы және Platonus бағдарламасы туралы ақпарат берілді.
ҚӨУ-дың медициналық орталығы қалай жұмыс істейді? Психологиялық-педагогикалық қолдауды қалай алуға болады?
Иә, университет – тек дәрістер мен сынақтардан тұрмайды. Бізде әр студентке қамқорлық жасалады.
Сонымен қатар ҚӨУ студенттерге өз қабілетін танып, белсенді болуға мүмкіндік береді. Бірінші курс студенттеріне университеттегі студенттік клубтар мен түрлі белсенділік бағыттары таныстырылды.
Жаңадан келген студенттер алғашқы дәрістеріне де қатысып үлгерді. Олар ҚР жаңа Конституциясы және Байтұрсыновтану бағытындағы дәрістерді тыңдады.
Бірінші курс студенттерімен танысқанымызға қуаныштымыз!
Үлкен әрі тату отбасымызға қош келдіңіздер!















