ҚӨУ ректоры Сеитбек Қуанышбаев пединституттың тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының ассистент-профессоры Алмагүл Безаубекова мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Руслан Жүсіповке «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті. Бұл марапат тіл саясатын өркендетуге айрықша еңбек сіңірген және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсене атсалысқан тұлғаларға беріледі.
Сонымен қатар, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Марқабаева «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.
Әріптестерімізді айтулы марапаттарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сіздерді мақтан тұтамыз!



