БІРЛЕСЕ әрекет етуді талап ететін міндет

Жастардың психологиялық саулығын сақтау — түрлі сала мамандарының күш-жігерін біріктіруді талап ететін маңызды міндет. Осы бағыттағы бірлескен жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Костанай өңірлік университетінің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығында өткен фокус-топ отырысының өзегіне айналды.

Бір алаңда әскери прокуратура психологтары, ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің психология кафедрасының оқытушысы, Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психологы Тарас Нагайцев және Қостанай қаласындағы №1 емхананың психологы Виктория Хакимова бас қосты.

Кездесу барысында мамандар тәжірибе алмасып, жастар арасында буллинг, суицидтік мінез-құлық пен дағдарыстық жағдайлардың алдын алудың тиімді тәсілдерін талқылады.

Сондай-ақ психологиялық көмек көрсету, психокорекциялық жұмыстар жүргізу және кешенді қолдауды қажет ететін жағдайларда мамандардың өзара іс-қимылын жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі — ведомствоаралық жұмыстардың бағыттарын айқындау болды.
Бірлескен шаралар ынтымақтастық туралы меморандум аясында жалғасып, тәжірибе алмасу мен психологиялық қолдау саласындағы ортақ бастамаларды жүзеге асыруды қамтиды.

Мұндай кездесулер Қазақстан Республикасында суицидтің алдын алу жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған жол картасының 20-тармағын іске асыруға және денсаулықты, психологиялық әл-ауқат пен өмір сапасын нығайтуға бағытталған Тұрақты даму мақсатының (ЦУР) 3-мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы серіктестік — кәсіби білім мен тәжірибені біріктіріп, жастарға дер кезінде қолдау көрсету үшін бірлесе әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы