АЛТЫН алған чемпиондар

Baitursynuly University студенттері гир спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында тағы да жүлделі орындарға ие болды.

Жастар арасындағы чемпионат 28–30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өтті.

Жарысқа 16 облыстық командадан 200-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының ҚРУ студенттері де бар.

Қостанай облысының құрамасында өнер көрсеткен біздің студенттер өз салмақ дәрежелерінде жоғары нәтижелер көрсетті:

Владислав Литвинов (95 кг жоғары) «Серппе» жаттығуында екі 32 кг гирді 90 рет көтеріп 2-орын чемпион атанды.

Студенттерімізді және олардың жаттықтырушысы – оқытушы Олег Комаровты жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы