Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің қауымдастырылған профессоры Владимир Поезжаловтың кәсіби қызметінің 50 жылдығына арналды.
Дөңгелек үстел жұмысына кафедра оқытушылары, жұмыс берушілер мен түлектер, университет серіктестері қатысты.
Негізгі мақсат – физиканы оқытудағы 50 жылдық тәжірибені талқылау, әдістемелік инновацияларды дамыту, сондай-ақ кафедра, жұмыс берушілер мен түлектер арасындағы серіктестікті нығайту.
Қатысушылар профессорды құттықтап, алғыс сөздерін білдірді. Владимир Михайловичтің ғылым мен студенттерді оқыту ісіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Осы жылдар ішінде өңір кәсіпорындарымен берік серіктестік орнатылып, жоғары білікті мамандар даярланды. Көптеген дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар сәтті қорғалды.
Профессор мен оның шәкірттері инновациялық байқауларда бірнеше рет жеңіске жетіп, өз жобаларын жүзеге асырды.
Түлектеріміз табысты жұмысқа орналасқан. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантурасын тәмамдаған PhD доктор да бар.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша оқыту үдерісін, кәсіби практиканы және түлектерді жұмысқа орналастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды.
Сонымен қатар серіктестікті нығайту, кәсіби практика базаларын кеңейту және дуалды оқытуды дамыту жоспарлары белгіленді.
Владимир Михайловичті мерейлі датамен құттықтаймыз! Сізбен мақтанамыз!



