ЧЕХИЯДАН академиялық САПАРМЕН

Baitursynuly University-не серіктестік сапармен Чехия ғалымы, PhD доктор, Острава университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі референті Vitezslav Vilimek келді.

Ғалым Қазақстанға дәрістер оқып, академиялық кездесулер өткізу мақсатында тұрақты түрде келіп тұрады.

Ол соңғы рет ҚӨУ-не 2020 жылы келген болатын. Дәл сол жылы Қостанай өңірлік университеті мен Острава университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, халықаралық академиялық әріптестіктің дамуына негіз қаланған еді.

Бүгін Vitezslav Vilimek университет факультеттерінің декандарымен және кафедра меңгерушілерімен кездесті.

Кездесу барысында ол Острава университетінің қызметі, бірлескен ғылыми-білім беру жобалары, сондай-ақ ҚӨУ студенттері мен оқытушылары үшін академиялық ұтқырлықтың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты.

Ынтымақтастық жылдары ішінде университет студенттері мен оқытушылары халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысып, тәжірибе алмасып, ғылыми байланыстарын кеңейту мүмкіндігіне ие болды.

Сапар аясында шетелдік ғалым университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына заманауи гуманитарлық ғылым мен білім берудің өзекті бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары үшін келесі тақырыптарда курстар ұйымдастырылды:

Шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары «Жасанды интеллект дәуіріндегі оқытушы: нейрожелілерді шет тілдері мен аударманы оқытуға енгізу әдістемелері» атты курсқа қатысты.

Ал филология және практикалық лингвистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамына «Жасанды интеллект дәуіріндегі филология: дәстүр мен инновация» тақырыбында курс өткізілді.

Өткізілген кездесулер мен білім беру курстары ҚӨУ мен Острава университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадамға айналып, ғылыми өзара іс-қимылды, академиялық ұтқырлықты және оқытушылар мен студенттердің кәсіби дамуын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қабылдау комиссиясы