Сәуір – НӘТИЖЕЛЕР айы

Baitursynuly University-дің «Құқықтану» және «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін сәуір айы мазмұнды да нәтижелі өтті.

Олимпиадалар, зияткерлік ойындар және жарқын жеңістер – бұл ай болашақ заңгерлердің республикалық деңгейде өздерін сенімді түрде таныта алатынын айқын көрсетті.

Айдың басты оқиғаларының бірі – Caspian University (Алматы қ.) базасында өткен 6В042 «Құқық» даярлау бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада.

Университет намысын 3-курс студенттерінен құралған команда қорғады: Даниял Ахметов, Асланбек Жумабаев, Руслана Карпыкова, Лунара Семкенова және Карина Шалова.
Жарыс қорытындысы бойынша Руслана Карпыкова III дәрежелі дипломға ие болып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Студенттердің «Legal Minds» республикалық олимпиадасындағы жетістігі де ерекше. Бұл дода елдің үздік заңгер командаларын біріктірді.

Жарыс Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және ЕҚЫҰ қолдауымен өтті.

Қатаң бәсеке жағдайында (14 команда, 42 қатысушы) ҚӨУ студенттері жоғары нәтиже көрсетті:

Сонымен қатар факультеттің тағы екі студенті үздік ондыққа еніп, 5 және 7-орындарды иеленді.

Нәтижелі айдың қорытынды кезеңі – Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай ұйымдастырылған «IQ Право: интеллектуальная собственность» зияткерлік ойыны.

Іс-шара Әділет департаменті ұйымдастырған «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында өтті.

ҚӨУ-дың «Стражи закона» командасы сайыста II орынды иеленді.

Команда құрамы: Сергей Герцель (капитан), Әмір Қуандық, Дмитрий Еременко, Жасмин Искакова және Азамат Сералинов.

Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және жаңа белестер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы