Төрт бағыт ерекше атап өтілді: оқыту сапасы, түлектердің жұмысқа орналасуы, университетті басқару сапасы және «Машина жасау және өндірістік технологиялар» инженерлік бағыты.
Бұл жетістіктің артында білім беріп, шабыттандыратын оқытушылар, биік мақсаттарға ұмтылатын студенттер, өз мамандығы бойынша табысты еңбек етіп жүрген түлектердің және білім мен тәжірибені ұштастыруға үлес қосатын серіктестердің еңбегі тұр.
Тәуелсіз халықаралық бағалау университет жұмысының нәтижелерін елден тыс жерде де танытуға мүмкіндік береді.
Талапкерлер мен ата-аналар үшін бұл — университетті таңдаудағы қосымша сенім, ал серіктестер үшін — өзара сенімді нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз.
Төрт жұлдыз — ортақ жетістік әрі алға ұмтылуға серпін: ғылымды дамыту, студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашу және университеттің халықаралық беделін нығайту.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ҚӨУ-нің жетістіктері көп болсын!
