«ҚҰҚЫҚ деген не?»

Академиялық ұтқырлық аясында ҚӨУ-дің Экономика және құқық факультетінде Докуз Эйлюль университетінің (Түркия) профессоры қызмет етуде.

PhD докторы Рефик Коркусуздың сапарының басты мақсаты – ҚӨУ оқытушыларына арналған «Құқықтану бағытындағы ғылыми зерттеулердің ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізу, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға дәріс оқып, ғылыми кеңес беру.

Шетелдік ғалым өз дәрісін көпшілікті ойландыратын бір сауалдан бастады: «Құқық деген не?»

Ол бұл ұғымды былай түсіндірді:

– Мен үшін құқық – бұл адамның өз мүддесін жүзеге асыруға және қорғауға берілген жеке мүмкіндігі. Телефон, суреттер, жеке заттар – мұның бәрі сіздің меншігіңіз, яғни материалдық немесе моральдық мүддеңіз.

Құқық – сонымен қатар өкілеттік пен билік. Мемлекет азаматқа белгілі бір әрекеттерді жасауға, пайдалану мен иелік етуге құқық береді. Осындай өкілеттік болмаса, құқықтың өзі де болмас еді.

Адам құқықтары – тұлғаға берілген нақты кепілдіктер: өмір сүру, білім алу, интернетті пайдалану және басқа да мүмкіндіктер.

Қорыта айтқанда, құқық – кең ұғым, адам құқықтары – нақты мүмкіндіктер, ал сот жүйесі – сол құқықтарды қорғаудың тетігі.

Дәріс пікір алмасу, ой қозғау форматында өтті. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды, тұжырымдарымен бөлісті.

Қабылдау комиссиясы