Инклюзияның басты қағидаты – кедергілерді жою және әрбір студенттің сапалы білім алып, бойындағы қабілетін толықтай көрсете алуына жағдай жасау.
ҚӨУ-нің факультеттерінің және педагогикалық институттың оқытушыларымен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін оқу үрдісін ұйымдастыру кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, сондай-ақ жасанды интеллектті білім беруде қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Семинар барысында білім беру ортасын ұйымдастыруда және заманауи цифрлық құралдарды қолдануда бірыңғай тәсілді қалыптастыратын ЖООаралық стандарт негізге алынды.
Қатысушылар студенттердің қажеттіліктерін уақтылы анықтау, қолдау құралдарын тиімді пайдалану және құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар ЖИ-дің білім беруді барынша қолжетімді, әр студенттің ыңғайына қарай бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылды.
Семинарды ҚӨУ-нің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы білім беру бағдарламалары және әдіснама бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.





