object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-12 13:51:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ева СМЕТАНОВА: «ҚӨУ студенттерінен шабыт аламын!»

Baitursynuly University-ге профессор Ева Сметанова — Словакиядағы Коменский университетінің педагогика ғылымдарының докторы келді.

Бұл оның біздің өңірге алғашқы сапары емес. Бұрын педагог Арқалықта жұмыс істеген, кейін екі жыл Қостанайда болған. Биыл КРУ ректоры Сейтбек Қуанышбаевтың шақыруымен университетімізге келді.

Біз профессормен Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтында жүздестік. Профессор келген бойда университет өміріне белсенді араласты: орыс және ағылшын тілдерінде дәрістер оқып, студенттермен бірге жобаларға қатысып, ғылыми мақалалар жазуға көмектесіп қана қоймай, студенттермен қызықты пікірталастар ұйымдастырды.

– Мені шетелдік педагог ретінде шақырды, – дейді қонақ. – Біз студенттермен бірге мақалалар жазып, идеяларды талқылаймыз, жобаларды құрып, жұмыс істейміз. Студенттеріңіз ашық, әрдайым сұрақ қойып, жауап берісіп отырады. Маған осы қасиеттері қатты ұнайды, әсіресе топтық жұмыс істегендегі белсенділіктері. Олар ізденімпаз, әрі орысша да, ағылшынша да еркін сөйлейді. Бұл таңқалдырады.

– Сізді, әсіресе, көптілділік тақырыбы қызықтырады деп естідік.

– Ия, рас. Көп студенттеріңіз үш, төрт, кейде бес тіл біледі. Мен таңқалып та, қызыға да қараймын. Себебі мұндай студенттерді оқытуға ерекше тәсіл қажет, оларға көптілділіктің құндылығын түсінуді үйрету маңызды.

– Словакиядағы білім беру жүйесі Қазақстаннан қалай ерекшеленеді?

– Салыстыру қиын, себебі бәрі дәстүр мен мәдениетке байланысты. Бір жерде бір әдет бар, бір жерде басқасы. Мысалы, сіздерде университеттегі қоңырауларда күй ойнайды, бұл өте әдемі! Бізде бұрын қоңыраулар болған, бірақ қазір алып тастаған. Енді оқытушылар уақытты өздері бақылайды. Ал қалғаны – сабақтар да, студенттер де, пәндер де, оқытушылардың жеке әдістемесі де – бәрі бір-біріне ұқсас.

Профессор Сметанова үшін педагогикалық жұмыс – шабыт көзі.

– Шаршаған сәттер болады. Бірақ дәріске кіріп, студенттердің қызығушылықпен қарап тұрғанын көргенде бәрі өзгереді. Олардың алғыс білдіруі, жаңа материалды түсініп, сабақтарға үнемі қызуғышылықпен ат салысуы – маған күш пен шабыт сыйлайды, – дейді профессор.

Профессор соңғы жылдары Қостанайдың елеулі өзгергенін атап өтті, бұл оған ерекше әсер қалдырған.

– Мен Қостанайдың дамып келе жатқанын, университеттің өзгеріп жатқанын байқаймын. Мұнда даму бар, алға ұмтылу бар. Бұл өте қуантарлық жайт!

Қабылдау комиссиясы