ЖИ – тілді дамытудың қуатты құралы

ҚӨУ делегациясы «Тіл білу — парызым!» атты өңірлік семинар-тренингке қатысты. Қатысушылар мемлекеттік тіл мен жасанды интеллекттің болашағын талқылады.

Семинарда спикер ретінде ҚӨУ-дың цифрлық технологиялар және жасанды интеллект орталығының жетекшісі Қалыбек Мауленов сөз сөйледі.
Ол «Жасанды интеллект: функционалдық мүмкіндіктері және мемлекеттік тілді заман талабына сай оқыту» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ бағдарлама аясында психология кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Әубәкірова мектеп директорлары мен шара қатысушыларына арналған тәжірибелік семинар-тренинг өткізді.

Кездесудің негізгі түйіні: бүгінгі таңда жасанды интеллект – бұл жай ғана технология емес, ол ана тілімізді цифрлық кеңістікте дамытудың ең қуатты құралы. Жаһандық контентте қазақ тілінің үлесін арттыру және ұлттық цифрлық экосистеманы қалыптастыру – заман талабы.

Университетіміздің бұл бағыттағы белсенді жұмысы «AI-Sana» жасанды интеллектті дамыту ұлттық бағдарламасымен толық үндеседі. Біз ЖИ технологияларын тек университет ішінде дамытумен шектелмей, осы тәжірибені бүкіл өңірге таратуға, Қазақстанның цифрлық трансформациясына елеулі үлес қосуға ұмтыламыз. Басты мақсатымыз – барлық сала мамандарының цифрлық құзыреттілігін арттыру үшін инновацияларды енгізу.

Дәстүр мен технологияны ұштастыра отырып, біз өңіріміздің болашағын бірге қалыптастырамыз.

Қабылдау комиссиясы