ҚӨУ-дің педагогикалық институтында физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының апталығы аясында стейкхолдерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Костанай қаласының мектеп мұғалімдерімен бірге ҚӨУ оқытушылары «Физика», «Математика», «Информатика, робототехника және жобалау» білім беру бағдарламаларын талқылап, талдау жүргізді.
Бұл маңызды іс-шараға НЗМ, №31, №9 және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп өкілдері қатысты.
Пікір алмасу барысында шақырылған мұғалімдер мектеп пәндеріне қатысты өздерінің ұсыныстарымен бөлісті.
Талқылау шынайы идеялар алмасуына айналып, әрбір стейкхолдер білім беру бағдарламаларын жетілдіруге өз үлесін қоса алды.
Қатысушылар педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартудың маңыздылығын атап өтті, өйткені кафедра заманауи білім беру ортасының талаптарына бейімделе алатын болашақ мұғалімдерді даярлайды.
Кафедраның жұмыс бағдарламаларында ескерілетін белсенді қатысу мен конструктивті ұсыныстары үшін стейкхолдерлерге алғыс хаттар табысталды.