ҚӨУ-нің педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Шағын жинақталған мектепте жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылықты дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында зерттеу жүргізді.
Кафедрада «Химия», «Биология», «География» білім беру бағдарламалары бойынша болашақ мұғалімдерді дайындауда ауылдық және шағын жинақты мектептердің қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Қазақстандағы сегіз мың мектептің 67,4% ауылдық жерлерде орналасқан, ал оның 51,2% – шағын жинақталған мектептер.
Соңғы онлайн сессияда кафедра студенттері мен оқытушылары жаңа педагогикалық тәжірибені енгізуді талап ететін шағын жинақты мектептердің материалдық-техникалық ресурстарын дамыту жобасын жүзеге асыруды талқылады.
Зерттеу барысында студенттерді Сарыкөл ауданындағы Крылов мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі Светлана Охрименко бағыттады.
Айта кету керек, Светлана Валерьевна ҚӨУ-нің жаратылыстану пәндері кафедрасының магистратурасын тәмамдаған.
Мұғалім шағын жинақты мектептердегі бірегей зертханалар мен әмбебап кабинеттердегі жаңа құрал-жабдықтар мен зертханалық құралдарды пайдаланудың педагогикалық стратегиясы аясында қандай жаңа білім ерекше сұранысқа ие екенін түсіндірді.
Бұл жаңа сынып форматы жаратылыстану пәндері бойынша жоғары сапалы оқыту мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және оқыту сапасын арттыруға бағытталған зерттеулерге мүмкіндік береді.





