Қазақстандағы АЛҒАШҚЫ SKA алаңы

Қазақстанда, дәлірек айтқанда Baitursynuly University-де алғаш рет кәріс тілінен SKA (Sejong Korean Language Assessment) халықаралық емтиханы өтті.

Екі күн бойы 51 қатысушы білімін кешенді түрде тексеріп, оқу, жазу, тыңдалым және сөйлесім бөлімдері бойынша бақ сынады.

Емтиханды ҚӨУ студенттері, Kia мен Hyundai Glovis өндірістік алыптарының қызметкерлері және барлық тілек білдірушілер тапсырды.

Бірінші күн оңайға соқпады. Үш емтиханның әрқайсысына 50 минут бөлініп, ара-арасында 10 минуттан демалыс берілді.

Ең күрделісі – SKA 말하기 평가 қосымшасы арқылы ауызша сөйлесу дағдысын тексеруге арналған емтиханның екінші күні болды.

10 минут ішінде қатысушылар сегіз сұраққа жауап берді. Бұл ретте әр жауапты жазып алуға тура 20 секунд берілді.

Елдегі алғашқы емтиханды өткізуге қолдау көрсету үшін ҚӨУ-ге King Sejong Institute Foundation сарапшылары арнайы келді.

«SKA нәтижесі Кореяда оқу мен жұмысқа орналасуға, сондай-ақ виза рәсімдеуге жарайды. Емтихан алғаш рет өткізіліп жатқандықтан, оқытушылар да уайымдап, көп дайындалды. Келесі жолы әлдеқайда жеңіл өтеді, мен айтты дерсіздер», – дейді King Sejong Institute Foundation өкілі Ли Кёнхун.

Институттың тағы бір өкілі Пак Хёнджи:

«Болашақта емтиханды тапсыруға тек Қостанайдан емес, басқа өңірлерден де, көрші елдерден де студенттер келеді деп үміттенеміз», – деп қосты.

Емтихан нәтижелері институт қорының тексеруі мен бекітуінен кейін қараша айында белгілі болмақ.

Қабылдау комиссиясы