Бүгін ҚӨУ әскери кафедрасында ⠀салтанатты күн – запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша дайындалған студенттердің кезекті тобын шығарып салды
Барлық студентер емтихандарды жақсы тапсырып, алған білім деңгейін дәлелдеді.
Қазақстан Республикасының әскери дайындалған резерві 82 сержантқа толықты.
Бүгін әскери кафедраның бастығы, полковник Олег Обориннің басшылығымен кафедрада ант қабылданды.
Маңызды және салтанатты күні балаларды қолдау үшін олардың ата-анасы келді.
Сапта тұрып, ант қабылдаған жігіттердің әрқайсысы Қазақстан халқына адал, оның заңды сайланған Президентіне адал болуға ант берді.
Біздің студенттерді құттықтаймыз! Сендермен мақтанамыз! Сапқа 82 СЕРЖАНТ қосылды! ⠀