object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-06 19:54:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Qostanai EdFuture»: Бірге жасаймыз

Облыстық педагогикалық форум өңір мұғалімдерінің өткір мәселелерін, бастамалары мен бірлескен шешімдерін талқылайтын орталыққа айналды.

Бүгін ҚӨУ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогика институтында  дәстүрлі Педагогикалық форум өтті.

«Qostanai EdFuture: Бірге жасаймыз» деген тақырыптағы шараны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен  облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Форумға  білім басқармасының өкілдері, оның қалалық және аудандық бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелерінің меңгерушілері, жоғары оқу орындарының профессорлық –оқытушылық құрамы, мектеп директорлары мен облыс педагогтары қатысты. 

Форум білім беру саласындағы педагогтарды, басқарушыларды, әдіскерлерді, ғалымдар мен сарапшыларды ортақ іске шабыттандыру, үздік тәжірибелер алмасу және өңірдегі білім беру жүйесінің  болашағын жобалау мақсатында олардың басын қосатын  бірегей кәсіби платформа ретінде ойластырылған.     

Қостанай облысындағы білім беру ісіне қатысушылардың басын қосудағы  форумның идеясы  тек  тәжірибе алмасу ғана емес,  педагогтар дайындаудың сапасын көтерудің бірлескен бағытын айқындап, өз ара тізе қосып жұмыс істеу болатын. Форум болашақ мұғалімдердің құндылықтарынан креативтік, сандық сауаттылық, эмпатия, инклюзия және ғұмыр бойы оқи білу секілді қасиеттерге ерекше маңыз берді. 

Шара  стандарттық емес форматта өтті. Алдымен педагогикалық  кафе шеңберінде араласып, ой-пікір алмасу үшін «Білім беру саласындағы сабақтастық: стандарттан нетижеге»  тақырыбын ұсынды.  Содан кейінгі жұмыс ең өткір бағыттар бойынша диалогтық алаңда жалғасты.

«Білім саласындағы сандық интеллект: трансформация шеберханасы» AI Digital-шеберханасы интерактивтік тапсырмаларды, квесттерді, тесттерді құру дағдыларын күшейтуге көмектеседі.

«LabClass педагогикалық лабораториясы: Бірге зерттейміз!» – жоо оқытушылары мен мектеп мұғалімдері Lesson Study форматындағы ашық сабақтарды бірге талқылады.

Сонымен қатар « Қосыл! Инклюзия әрекетте!» деген педагогикалық кейс-арена, «Болашақ педагогтарды саплы дайындауға қалай қл жеткізуге болады?» атты TED-Talks конференция болды.

Шара қатысушылар бағалы кадрлар қарауға мүмкіндік алған бос орындар жәрмеңкесімен аяқталды.

Қатысушылар пленарлық сессияда қорытынды жасап және өңір педагогтары үшін Форум форматының жоғары тиімділігін атады.

Қабылдау комиссиясы