Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шақыруымен ҚӨУ-дың инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі Татьяна Зуева маңызды іс-шарада спикер ретінде сөз сөйледі.
Кездесуге педагогикалық және медициналық колледж студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – болашақ мамандардың инклюзивті санасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім беру және денсаулық сақтау салаларында мүмкіндігі шектеулі адамдарды инклюзиялау және әлеуметтендіру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар келесі сұрақтарға бірге жауап іздеді:
Кездесу кәсіби бағдар беру сипатында өтті. Татьяна Владимировна ҚӨУ-да инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру мәселесіне тоқталып, ақпарат берді.



