Сессия жұмысына Қостанай қаласының мектеп педагог-психологтары, академиялық қауымдастық өкілдері, академиялық комитет мүшелері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, кафедра оқытушылары, сондай-ақ студенттер мен магистранттар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – білім беру жүйесінің заманауи талаптары мен педагог-психолог мамандығының даму перспективаларын ескере отырып, бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларының (6В01102 Психология (IP), 7М01101 және 7М01103 Педагогика және психология, 7М01104 және 7М01105 Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық) мазмұны мен құрылымын жаңарту бойынша келісілген ұсыныстар әзірлеу болды.
Тренд-талдау кезеңінде білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қазіргі мектептің өзекті мәселелерін ұсынды. Атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық диагностика, оқу қиындықтарының алдын алу және әлеуметтену, білім алушыларды сүйемелдеу, сондай-ақ цифрландырудың маман қызметіне ықпалы қарастырылды.
«Қазіргі мектепке тек теорияны меңгерген емес, сонымен қатар білім алушыларды диагностикалау, алдын алу және сүйемелдеу бойынша практикалық құралдарды игерген мамандар қажет. Әсіресе эмоционалдық қиындықтармен, мінез-құлықпен және цифрлық ортада жұмыс істеу дағдылары өзекті», — деп атап өтті практик-мамандар.
Сессия барысында қолданыстағы білім беру бағдарламалары таныстырылып, олардың мазмұнына талдау жасалды, сондай-ақ түлектердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру тұрғысынан күшті жақтары мен даму бағыттары талқыланды.
Ерекше назар құзыреттердің gap-талдауына аударылды, оның нәтижесінде қатысушылар:
Форсайт-сессияға дайындық аясында және стейкхолдерлердің қатысуын кеңейту мақсатында Google Forms платформасында онлайн-сауалнама жүргізілді.
Сауалнама білім беру бағдарламалары мазмұнының өзектілігін бағалауға және олардың 2026–2028 жылдарға арналған даму бағыттарын айқындауға бағытталды. Сонымен қатар, пәндердің өзектілігі, оларды жаңарту, толықтыру немесе біріктіру бойынша ұсыныстар жинақталды.
Сессия қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша келесі негізгі ұсыныстар қалыптастырылды:
Қорытынды сөзінде кафедра меңгерушісі Роза Калимжанова:
«Білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмыс берушілермен жүйелі диалогсыз мүмкін емес. Форсайт-сессия бізге мектептердің нақты сұраныстарын естіп қана қоймай, оларды болашақ педагог-психологтарды даярлау мазмұнымен ұштастыруға мүмкіндік берді. Біз үшін түлектің кәсіби қызметке алғашқы күннен бастап дайын болуы аса маңызды», — деп атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша стейкхолдерлердің пікірін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту және өзектендіру мақсатында жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.


