«Ұстаз * AI: Цифрлық педагог»

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Ұстаз × AI: Цифрлық педагог» атты облыстық педагогикалық форум өтті.

Бұл – Қостанай облысының қала және аудан мектептерінің педагогтарын, білім беру ұйымдарының басшылары мен сала сарапшыларын біріктірген ауқымды кәсіби алаң.

Форум білім беруді цифрлық трансформациялау, оқу үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ ҚӨУ Кіші педагогикалық академиясының 2025–2026 оқу жылындағы жұмыс қорытындыларын шығару мақсатында ұйымдастырылды.

Күннің бірінші жартысында үш сессия қатар жұмыс істеді: жасанды интеллектті оқу процесінде қолдануға арналған екі шеберлік сабағы және инклюзивті білім беру бойынша workshop.

«Жаратылыстану-ғылыми білім беруді трансформациялау: ЖИ-модельдеу» тақырыбындағы шеберлік сабағын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-модераторлары Аймира Құрманғалиева, Станислав Козловский және Миирхан Исмагулов өткізді.

Қатысушылар жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ЖИ-модельдеудің практикалық құралдарымен танысты.

«Заманауи мұғалім тәжірибесіндегі AI-платформалар: контентті бірнеше минутта жасау» тақырыбындағы шеберлік сабағын ҚӨУ-дің физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Гүлнұр Даулетбаева жүргізді.

Педагогтар Google Gemini, Suno AI, NotebookLM және GPT Builder платформаларымен жұмыс істеуді меңгеріп, бағдарламалау дағдыларынсыз интерактивті оқу материалдарын жасауға мүмкіндік беретін вайбкодинг әдісімен танысты.

ҚӨУ-дің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған workshop аясында қатысушылар үш оқу зертханасының жұмысымен танысты: арнайы және инклюзивті білім беру зертханасы (В.К. Лемехова), психологиялық релаксация және арт-терапия зертханасы (Д.С. Тойымбетова), сенсорлық-динамикалық даму зертханасы (Ш.С. Демисенова).

Workshop модераторы – инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Татьяна Зуева.

Форумның пленарлық отырысы барлық қатысушыларды біріктірді және оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаеваның жетекшілігімен өтті.

Пленарлық отырыс барысында тәжірибелі педагогтардың екі баяндамасы тыңдалды:

Форум барысында ҚӨУ Кіші педагогикалық академиясының жұмысы қорытындыланып, салтанатты түрде атап өтілді.

Кіші педагогикалық академия ұйымдастырған бес іс-шара педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуына арналған «Ұстаз» ұлттық платформасына енгізілді. Бұл олардың өзектілігі мен қазіргі білім беру үрдістеріне сәйкестігін дәлелдейді.

Салтанатты рәсім барысында академия ұйымдастырған алты байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды:

Сонымен қатар, 2026 жылдың наурыз айында өткен және өнер мен шығармашылықтың түрлі бағыттарындағы дарынды қатысушыларды біріктірген «Тобыл арт» халықаралық байқауының қорытындылары таныстырылды.

ҚӨУ-дің алғыс хаттарымен академия іс-шараларына белсенді қатысып, жүлделі орындар саны бойынша ТОП-10-қа енген мектеп директорлары марапатталды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ сертификаттары Қостанай облысының 51 мектебінің «Педагог мамандығына кіріспе» курсын сәтті аяқтаған 104 түлегіне табысталды.
Қабылдау ережесіне сәйкес, бұл сертификат иелері университеттің педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсу кезінде арнайы шығармашылық емтиханнан босатылады.

Форум ҚӨУ Педагогикалық институтының бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен қорытындыланды. Жәрмеңкеге түлектер, педагогикалық мамандық студенттері және аудан мектептерінің өкілдері қатысты.

Қабылдау комиссиясы